Инфрақұрылымның дамуы

Алматы инфрақұрылымын қайта жасау жағдайын қала әкімі назарға алды

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы30 Шілде , 18:07

Мегаполис басшысы Солтүсткі айналым маңындағы базарларды модернизцациялау және көліктік дәліздер құру барысымен танысты. Қазіргі кезде жер асты бес өтпелі жолдың құрылысы жүріп жатыр және автомобиль тұрақтарын құру ісі де қолға алынған.

Қала әкімі ҮАК-ы бойында салынып жатқан жаңа жолдың құрылысын да тексерді. Мұнда үш км. астам жерге асфальт төселген.

Кеңес жұмысын қорытындылаған Ахметжан Есімов мемлекеттік мүддесі үшін Солтүстік айналым маңындағы жерлерді сатып алу процессін тездетуді талап етті. Бұдан өзге әкім көлік дәліздері мен 5 өтпелі жол құрылыстарын биыл аяқтауды тапсырды.

Қала базарларын модернизациялау бағдарламасы аясында соттардың шешімдерімен Солтүстік айналым маңайында 16 заңсыз базар жойылды,14 базар жойылатын болады. Сауда - көліктік дәліздердің жобасы бойынша Солтүстік айналым аумағында сегізжолақты жүрдек магистраль салынатын болады. Бұлардан өзге негізгі трассаның екі жағында бірін бірі қайталайтын өтпелі жолдар да салынады, бұлар арқылы автотұрағы бар сауда орталықтарына баруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, қала базарларын модернизациялау Бағдарламасы осыдан үш жыл бұрын Қаланың Бас жоспары аясында Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың тікелей бастамасымен қолға алынған болатын. Өйткені, көптеген базарлар жерді пайдалану құқының мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан «қызыл жиекте» заңсыз жзұмыс істеген. Оның үстіне жайма базарлар санитарлық, өтрке қарсы және басқа да нормаларға мүлдем жауап бермейтін.

Базарларда автотұрақтың жоқ болуы салдарынан олардың иелері көліктерін кез-келген жерге қойып келген, соның салдарынан Солтүстік айналым маңында көлік кептелісі пайда болған. Базарларды замани талапқа сай модернизациялау бүгінгі күннің талабы екендігі ақиқат.




Яндекс.Метрика