Өңірлер

Қызылорданың көшелерін жөндеу үшін 3 млрд-тан астам қаржы бөлінді

Қызылордада ұзындығы 73,3 шақырымды құрайтын 79 көше, ауылдарда 7,3 шақырымды құрайтын көше жөндеуден өтеді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Қызылорда30 Шілде , 14:43

«Қалада ұзындығы 73,3 шақырымды құрайтын 79 көше, ауылдарда 7,3 шақырымды құрайтын 10 көше орташа жөндеуден өтуде. Осы жобаларды жүзеге асыруға 3 млрд. 924 млн.теңге қаржы қаралды», - делінген хабарламада.

Қала көшелерінің күре тамырларының бірі – Абай даңғылы бойынан Қазыбек би көшесінен жаяу жүргіншілерге арналған 2 аспалы көпір салынуда. 

 




Яндекс.Метрика