Адами капитал

Астанада 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталады

Астанада тамыздың 1 мен 30 аралығында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы «Балаларға жақсылық бер!» деген ұранмен өтеді, деп астаналық білім басқармасынан хабарлады.
Астана қаласы30 Шілде , 14:38

«Біз «Балаларға жақсылық бер!» деген ұранмен  өтетін жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясының басталғанын хабарлаймыз. Игі шара 2014 жылдың 1 мен 30 тамыз аралығында өтеді.  Қайырымдылыққа атсалысқысы келетіндерге Білім басқармасының мына телефон номерлеріне 55-68-74, 55-68-75 хабарласуын сұраймыз», - деп акцияның ұйымдастырушылары хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1 мен 30 аралығында жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы әлеуметтік аз қамтамасыз етілген немесе отбасылық жағдайы нашар жанұялардан шыққан бабаларға алдағы оқу жылына дайындалуына септігін тигізеді. Айта кетерлік жайт, өткен жылы игі шара аясында 8 мың мектеп оқушысы қамтылды.




Яндекс.Метрика