Өңірлер

Қызылорданың қоғамдық көліктері мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген 100 автобуспен толығады

Осы жылдың І жартыжылдығында 167 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Қызылорда30 Шілде , 13:57

Ел Президентінің Жолдауда айтқан «Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс», - деген тапсырмасын орындау мақсатында биыл қалада бірқатар шаралар қабылдануда.

Мәселен, биыл қалада құрылған «Қызылорда Автобус паркінің» материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.Жаңадан алынған 20 үлкен сыйымдылықтағы автобустар экологиялық таза, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімді.

Биылғы жылы осындай қоғамдық көліктер қосымша 100 үлкен сыйымдылықтағы автобустармен толығады.




Яндекс.Метрика