Өңірлер

Алматы облысында ағымдағы жылы 35 білім беру нысаны ашылады

Биылғы жылы білім саласының 35 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Алматы30 Шілде , 13:06

Осы сала нысандарының қайта жаңғыртылуы мен сейсмикалық күшейту жұмыстарына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 7,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 11,5 млрд. теңге қарастырылды. 

Биылғы жылы іске қосу жоспарланып отырған 35 нысан болса, соның ішінде 16 мектептің 12-сін алдағы 1 қыркүйекте пайдалануға беру межеленген. 

Атап айтқанда, Іле ауданының Байсерке ауылындағы 600 орынды мектеп, Қарасай ауданының Қаратөбе ауылындағы Тамабай атындағы мектеп, Үшқоңыр және Қошмамбет ауылдарындағы, сол сияқты Шамалған бекетіндегі 600 орынды мектептер, Талғар ауылының Тұздыбастау ауылындағы 900 орынды мектеп, Кеңдала ауылындағы 300 орынды мектеп, Талдықорған қаласы Еңбек ауылындағы 80 орынды шағын орталығымен 360 орынды мектеп жаңа оқу жылында есігін айқара ашатын болады.




Яндекс.Метрика