Инфрақұрылымның дамуы

«РФ шекарасы (Самара бағытында) – Шымкент» жол учаскесінің құрылысы аяқталуда – ККМ

ОҚО М-32 автомобиль жолының «РФ шекарасы (Самара бағытында) – Шымкент» учаскесінің құрылысы аяқталуда, деп көлік және коммуникация министрлігі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан30 Шілде , 14:23

Қазіргі кезде Қызыл Әскер кенті, Түркістан қаласы және Икан ежелгі қалашығы арқылы өтетін жалпы ұзақтығы 81 шақырым екі учаске пайлануға тапсырылды.

Жылдың аяғына дейін Икан – Төрткөл – Ақшығынақ, Бадам – Темірлан – Алтынтөбе кенті, Шұбар су-2 кенті, Шымкент – Шымкент қаласының айналма жол арқылы өтетін қалған бес учаске пайдалануға тапсырылады.

Бүгінгі күні аталған учаскеде 13 млн текше метр көлемінде топырақ жұмыстары аяқталып, 238 шақырымда цемент-бетон жамылғысы және 30 көпір салынды.

Сондай-ақ, 14 көлік айрықтары, 6 жол өтпелері мен 293 құбыр салынды. Айталық, жалпы жоба бойынша 1600-ден аса техника мен 10 мыңнан астам адам жұмылдырылды.

М-32 автомобиль жолының «РФ шекарасы (Самара бағытында) – Шымкент»  учаскесінің құрылысы аяқталған соң, 2057-2260 шақырымдары 4 жолаққа дейін кеңейтіліп І техникалық категорияға жататын болады. 




Яндекс.Метрика