Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда бұқаралық шомылу нысандары қатаң қадағалануда (ФОТО)

Бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы – Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанда бұқаралық шомылу нысандары қатаң қадағалануда екендігін атап өтті.
Астана қаласы 30 Шілде, 11:34

«Халық арасында түсіндіру жұмыстарының есебінен жағдай оңалып келе жатыр. Аталмыш энтеровирус инфекциясын алдын алу жұмысы орнатылды. Сұрақтардың екінші бөлігі – қоршаған ортаны зерттеу жағдайы. Қадағалауға барлық су құбырлар,бассейндер алынды», - деді Ж. Бекшин.

Ол атап өткендей, бүгін елде сауықтыру кешендерінің барлық жетекшілерімен судың сапасын жақсарту жайында жұмыстар жүргізілді.

Жалпы, қоршаған орта нысандарына мониторинг күшейді.Ауруға шалдығу 14 жасқа дейінгі балалар  арасында тіркелген.

Бүгінгі таңда барлық бассейндер қатаң қадағалануда. Негізінен судың ластануы мен асқазан таяқшаларының пайда болуы сынды қосымша қадағалау жүргізілетін», - деді ол.

Сондай-ақ, энтеровирусты анықтауға байланысты арнайы зерттеу де жүргізілді.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика