Өңірлер

Мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына ас әзірлейтін бөлікті тексеру жайында кеңес берілді

Мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына ас әзірлейтін бөлікті тексеру және ауру баланы немесе ауру белгілері бар балаларды анықтап, мекемеде қалдырмас үшін таңертеңгі тексерісті күшейту жайында кеңес берілді.
Астана қаласы 30 Шілде, 11:30

 «Біз ата-аналардың жеке бас гигиенасын сақтауын күшейтпекшіміз. Негізі көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтыну әдетіне көңіл бөлген жөн. Бүгінге дейін бірде-бір мектепке дейінгі мекеме  энтеровирусты  инфекцияларға байланысты жабылмаған. Жалпы балалардың онда жаппай сырқаттануы тіркелмеген», - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер  Ж.Бекшин ОКҚ өткен брифингте.

Оның айтуынша, мектеп басшылығы алдағы жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындалуы керек. «Ас әзірлейтін бөлікті, санитарлық бөлмелерді, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің, бөлмелерді тазарту жұмыстарына аса ұқыптылықпен қарап, заласыздандыратын арнайы заттардың болуын, білікті мамандардың жұмыс істеуін қадағалауы керек»,- деп атап өтті Бекшин.

Сөз соңына қарай бұл мәлімдемені Жандарбек Бекшин, мектеп директоры қол қойылған құжат ретінде қарастыруы керек, деп қадап айтты.

«Дайындық барысында біздің мамандарымыз әдістемелік, тәжірибелік тұрғыда жан-жақты көмек көрсететін болады. Бұл біздің балаларымыз алдағы оқу жылының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар»,- деді Ж. Бекшин.





Яндекс.Метрика