Өңірлер

Самұрық-Қазына тұрақты түрде жекешелендіру жұмыстарын өткізуге ниетті

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өз активтеріне барынша ашық және тұрақты негізде жекешелендіру жұмыстарын өткізуге ниетті, деп хабарлайды ведомство.
Астана қаласы30 Шілде , 17:02

Өздеріңіз де білесіздер, Үкімет «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын іске асыру аясында 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендіру бағдарламасын дайындады. Аталмыш бағдарламаның іске асырылуы ел экономикасына мемлекеттің қатысуын шектеу мен ондағы жеке сектордың үлесін арттыруға негізделген.

2014-2016 жылдары «Самұрық-Қазына» компаниясы тобының 103 үлескер ұйымының иелік ету үлесі мен акция пакетін  ұсыну жоспарлануда. Бұл бастама «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан инжинирнинг» АҚ, «Майқайыңалтын» АҚ мен өзге де компаниялар құрамына қатысты.  

Осыт орайда 93 компанияның қатысу үлесі стратегиялық инвесторларды тарту мүмкіндіктерімен бәссауда арқылы іске асыру көзделуде. Сонымен қатар, 10 компания қор нарығына шығарылып, «Халықтық IPO» аясында акцияларын сатылымға шығарады.

2014 жылы IPO аясында «KEGOC» АҚ-ның 10% акциясы, SPO аясында «Маңғыстау тарату электрожелі компаниясы» АҚ-ның 75% акциясы сатылымға шақырылу жоспарлануда. Ал 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ мен «ҚазТемірТранс» АҚ-ның 10% акциясы, «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ, «ҚазТрансгаз Алматы» АҚ мен «Транстелеком» АҚ-ның 49% акциясы қор нарығына ұсынылмақ. 2016 жылы болса, IPO аясында «Қазатомпром» ҰАК» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 10 пайыз минус бір акциясы сатылмақ.

«Осы бекітілген мерзімде барлық жұмыстарды атқаруға бар күшімізді саламыз. Алайда кешігулердің болуы да ғажап емес. Бірқатар факторлардың бар екенін де ескеру керек. Компанияның IPO-ға шығарылуы нарыққа да байланысты», - дейді қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев.




Яндекс.Метрика