Экология

Астанада «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігі хабарлады.
Астана қаласы30 Шілде , 11:15

Кеңес отырысына бірқатар орталық мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Басқосу қатысушылары Кеңестің ағымдағы жылға арналған қызмет жоспары мен кестесін бекітіп, жұмыс топтарының құрамдарын белгіледі.

Отырыстың жалғасында жаһандық климаттық өзгеру мен Қазақстанның осы жағдайға бейімделу механизмдеріне қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

«Потсдамдық климаттың әсерін зерттеу институтының профессоры Юрген Кропп (ГФР) осы жаһандық үдерістің Орталық Азия аймағында тудыратын қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер жөнінде баяндама жасады.Ол Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымының бастамасымен құрылған Үкіметаралық сарапшылар тобының бесінші есептік баяндамасының нәтижелеріне сүйеніп әзірленген Орталық Азия аймағына арналған болжамды ұсынды», - делінген хабарламада.

Баяндамада климаттың өзгеруінің себептері мен оның салдарынан туындаған проблемаларды шешу жолдары бойынша сарапшылардың пікірі берілді

Отырысты қорытындылай келе, Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына Үкіметке Кеңес мүшелерінің пікірлері ескерілген ұсыныстарды енгізу және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманың іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.




Яндекс.Метрика