Ұлттың денсаулығы

Бас санитарлық дәрігер осы жылы қажылықтан бас тартуды ұсынды

Қажылық кезінде бас санитарлық дәрігер Таяу шығыстағы респираторлы синдромның күрделі жағдайына байланысты діни рәсімді қоя тұруды ұсынады.
Астана қаласы30 Шілде , 11:00

«Кісі шығынына алып келуі бек мүмкін өте қауіпті таяу шығыс респираторлы синдромының қазір асқынған кезі. Қазіргі таңда осы дерттің 700 жағдайы тіркелсе, соның ішінде 300-і өлім-жітіммен аяқталған. Әсіресе бұл Сауд Арабиясында (400 оқиға) кеңінен тараған. Бұл елдегі өлім деңгейі де 115-ке жеткен. Енді бұл вирус Еуропа елдеріне де тарауда. Соның ішінде Англия, Франция мен Америка елдері бар», - дейді Ж.Бекшин.

Қажылық кезінде бас санитарлық дәрігер таяу шығыс респираторлы синдромның күрделі жағдайына байланысты діни рәсімді қоя тұру керектігін ескертеді.

«Біз қажылықтан тыюды мақсат етіп отырған жоқпыз, міндетімізді орындап халыққа қатердің жолын ескертіп, қауіптің алдын алуға шақырудамыз. Онда барған адам сырқатты жұқтырып қана қоймай, сыртқа алып шығуы да әбден мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы толықтай карантин жарияламағанымен, жағдайды барынша күрделі деп танып, сауда мен туризмге шектеу қоюда», - дейді.

Ал Сауд Арабиясы билігі созылмалы ауруы бар немесе денсаулығы әлсіз жандарды қажылықтан тыя тұру керектігін ескертеді. Ал қажылыққа келетін адамдардан менингок  инфекциясы  мен тұмауға қарсы екпені талап етеді.

Өз кезегінде Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Сауд Арабиясына қажылыққа барамын дейтіндерге шектеу қоймағанымен, ондағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты аса мұқтаждық болмаса,белгіленген жерлерде ғана болуды ұсынады. 




Яндекс.Метрика