Энергетика саласын дамыту

Желдің энергия әлеуеті Қазақстанда қазіргі энергия қуаттылығынан 18 есеге артық - БҰҰ кеңесшісі

Қазақстанда жел энергия әлеуетін пайдалану еліміздегі электр энергетикасының қазіргі қуаттылықтарын 18 есеге арттыра алады, деп хабарлады БҰҰ арнайы кеңесшісі Серж Мартин VI Астана экономикалық форумы шеңберінде өткен «Қазақстанның келешек тұрақты энергетикасының стратегиясы» панельдік сессиясында.
Казахстан23 Мамыр , 00:00

«Желді энергетикалық көз ретінде пайдалану жыл сайын мұнайға, газға және көмірге қарағанда 25 есе көп энергия өндіре алады. Сіздерде 50 мың км территория бар, онда желдің жылдамдығы 7 м/сек жетеді және жел ресурстары белгіленген қуаттылықтан энергияның 354 гигаваттын өндіре алады. Бұл Қазақстанда белгіленген тұтас қуаттылықтан 18 есеге көп», - деді С.Мартин.

Сонымен қатар, ол мұндай энергия алмасу арқылы перспективада ҚХР-на экпорттауға болатынын атап өтті.

Бұдан өзге, БҰҰ кеңесшісі Қазақстанда энергетикалық жобаларға мамандандырылатын және Тынық мұхиты нарығына энергия жеткізуді қамтамасыз ететін қаржы орталығын құру қажет деп санайды.
 




Яндекс.Метрика