Ұлттың денсаулығы

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Бүгін ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтап қалу үшін қабылданып жатқан шаралар жайлы айтып берді.
Нұр-Сұлтан30 Шілде , 10:52

 «Біздің санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бізде күйдіргі, тырысқақ, оба, безгек сынды аса қауіпті дерттер тіркелмеген. Жалпы, 25 ауру түрі бойынша көрсеткіштер төмендеген. Олардың ішідегі маңыздысы С гепатиті, сырқат 2,5 есе төмендеген», - деді  Ж.Бекшин ОКҚ өткен брифингте.

Жалпы, ол атап өткендей, елімізде бактериалды дизентерия 33%-ға, В гепатиті 20%-ға, түберкулез 12,6%-ға төмендеген. Алайда энтеровирусты  инфекциялар ауруларының көрсеткіші өсіп келеді.

Ағымдағы жылы республика бойынша энтеровирусты  инфекциялар нышанымен 552 адам дәрігерге көрінген. Олардың 154-де сырқат расталған. Жалпы, ауру еліміздің 8 аймағында тіркелген (Ақмола, ШҚО, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Қарағанды облыстары мен Астана, Алматы қалалары).

Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың маусым - шілде айларында Астанада 80 жағдайда зертханалық зерттеу аясында энтеровирусты этиологияның миқұрты сырқаты расталса,  Қарағанды облысында ол 49 жағдайды құрады.

«Дерттің негізгі себебі жағдай жасалмаған суайдындарында шамылу болып табылады. Осы ретте ашық суайдындарында, бассейндерде  зерханалық зерттеу жұмыстарын жүргізу күшейтілді. Нәтижесінде ағынды суларда вирус анықталды», - деді Бекшин.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика