Өңірлер

«Самұрық-Қазына» АҚ-да активтер мен нысандарды сату мәселесі талқыланды

«Самрук-Қазына» АҚ Активтер мен нысандарды сату жөніндегі комиссиясының 2014-2016 жылдардағы Жекешелендірудің кешенді жоспары аясындағы алғашқы отырысы өтті, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы30 Шілде , 13:34

«Комиссия мүшелері Жекешелендіру бағдарламасы аясында сатылатын активтер бойынша ұйымдастыру мәселелерін және активтерді тәуелсіз бағалаушыларды таңдау әдістерін талқылады. Сонымен қатар, отырыста Due Diligence (инвестиция жасалатын нысан туралы ашық ақпарат, соның ішінде инвестициялық тәуекелдік, инвестиция салынатын нысанды тәуелсіз бағалау, компаниялардың қызметін жан-жақты зерттеу және т.с.с.) процедурасын өткізудің құжаттар тізімі талқыланды», - делінген хабарламада.

Комиссия жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесова, Қордың Қаржы директоры-Басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов, Бизнесті дамыту жөніндегі бас директор-Басқарма мүшесі Берік Бейсенғалиев, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директор-Басқарма мүшесі Талғат Сәрсенбаев және т.б. қатысты.

Отырыс нәтижесінде Комиссия 2014 жылғы тамыздағы активтер мен нысандарды сатудың жоспар-кестесін бекітіп, осы уақыт ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарынан жеке секторға шығарылатын 15 компанияны белгіледі.

Олардың арасында «Бiржан-Атырау» ЖШС жылжымалы құрамды жөндеу мен қызмет көрсету кәсіпорны, «Бас-Балхаш 2004» ЖШС, «Ақ Берен» ЖШС, ТОО «Ертіс сервис» ЖШС мұнай өнімдеріне арналған вагон-цистерналарды тазалап, дайындау компаниясы, «Қазықұрт-Оңтүстік» ЖШС және тағы басқалары бар.

 




Яндекс.Метрика