Өңірлер

Қазақстан азаматтары «жедел желі» форматында жекешелендіру туралы ақпарат ала алады

Алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «жедел желі» іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Шілде , 12:18

Енді «қауырт желі» нөміріне қоңырау шалып мәселеге қызығушылық танытқан кез келген азамат жекешелендіру туралы, саудаға қатысу ережелері мен жекелеген активтер немесе сатылымға қойылған қор нысандары туралы ақпарат ала алады.

Айта кету керек, қазіргі таңда бірқатар активтерді бағалау аяқталды, кейбірінде сатып алу ережелерін іске асыру туралы екінші қатысушылардан (меншік иелері) шешім күтілуде. Тамыз айында саудаға шығарылатын барлық активтердің ақпараттық төлқұжаты «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сайтында бар.  

Естеріңізге сала кетейік, жекешелендіру бағдарламасы аясында екі актив сатылды: «МЗ-Секьюрити» ЖШС («Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ үлескер компаниясы) мен Ecomaster Servicii Ecologice SRL («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үлескер ұйымы).

Сонымен қатар,биылғы жылдың шілде айында «832-інші Қазақстан-Инжиниринг автожөндеу зауыты» АҚ қарапайым акциясының 51% сату бойынша тендер өтті. Алайда саудаға қатысуға өтініштің түспеуі себепті сауда жүзеге асырылмады.




Яндекс.Метрика