Өңірлер

Ақтөбеде ауыл жастарының форумы өтті

Ақтөбеде «Ауылдың өркендеуі - жастардың ісі» атты ауыл жастарының форумы өтті. Ауқымды шараға аудан мектептерінің жас мұғалімдері, колледждер мен ЖОО студенттері, ауылдық ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлер қатысты, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Ақтөбе30 Шілде , 12:03

Шара ұйымдастырушыларының алдында жастардың жаңа бастамаларына қолдау көрсету, «Дипломен ауылға!» жобасының қатысушыларының басын қосу, жаңа активті құру міндеті тұрды.

Форум барысында қатысушылар ауыл жастарының проблемаларын талқылады.

Көбіне олар бизнес, жастардың бастамалары мен жобаларын жеткіліксіз қаржылардырумен байланысты болды.

«Жалпы, бұл басқосу жастарды толғандырып жүрген мәселелерді талқылауға, олардың шешу жолдарын анықтауға және өскелең ұрпақтың бірлігін нығайтуда бірегей мүмкіндік болды», - деп  атап өтті облыстық жастар саясаяты мәселелері бөлімінің басшысы Максим Чаркин.




Яндекс.Метрика