Өңірлер

«Самұрық-Қазына» 2014 жылы 64 активті жеке секторға шығаруды жоспарлауда

2014 пен 2020 жылдар аралығында Қордың 106 активі мен нысаны сатылады, оның 64-ін 2014 жылдың соңына дейін жеке секторға шығару жоспарланып отыр, деп «Самрук-Қазына» АҚ Активтер мен нысандарды сату жөніндегі комиссиясы хабарлады.
Астана қаласы30 Шілде , 11:48

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі 2014-2016 жылдардағы Жекешелендірудің кешенді бағдарламасын жасағаны белгілі.

«2014 пен 2020 жылдар аралығында Қордың 106 активі мен нысаны сатылады, оның 64-ін 2014 жылдың соңына дейін жеке секторға шығару жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Комиссия мүшелері Жекешелендіру бағдарламасы аясында сатылатын активтер бойынша ұйымдастыру мәселелерін және активтерді тәуелсіз бағалаушыларды таңдау әдістерін талқылады.

Отырыс нәтижесінде Комиссия 2014 жылғы тамыздағы активтер мен нысандарды сатудың жоспар-кестесін бекітіп, осы уақыт ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарынан жеке секторға шығарылатын 15 компанияны белгіледі.

Активтер мен нысандарды сату жөніндегі комиссия – Қор жанынан құрылған, тұрақты жұмыс істейтін орган. Комиссия компанияларға тиесілі активтер мен нысандардысату туралы шешімдер қабылдайды және осы үрдісті үйлестіріп, бақылап отырады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі 2014-2016 жылдардағы Жекешелендірудің кешенді бағдарламасын жасағаны белгілі. Бағдарлама мемлекеттің ел экономикасындағы қатысын азайтып, жеке сектордың үлесін арттыру арқылы экономиканы күшейтуді көздейді.




Яндекс.Метрика