Ұлттың денсаулығы

Ақтөбеде төсек тартқан науқастарды күту мектебі ашылды

Ақтөбеде төсек тартақан науқастарды күту мектебі ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақтөбе30 Шілде , 10:36

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен дайындалған жаңа жобаны Ақтөбе қалалық сал азаматтарды қолдау орталығы таныстырды. Мұнда ұзақ уақыттан бері мүгедектер арбасына немесе төсекке таңылып қалған азаматтардың өтініштері мен шағымдары түседі.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға кеңес беру және ақпараттандыру мектебі стационарлар мен интернат үйлері шарттарында жұмыс істейді, сонымен қатар үйге келіп қызмет көрсетеді. Осы жоба аясында көпшілік тыңдалымдар өткізіліп, кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Біз мұнда медициналық және әлеуметтік қызметкерлер мен мүгедектерді өзін де шақыруды жоспарлап отырмыз. Өйткені әркім өзінің денсаулығы үшін жауапты емес пе?», - дейді орталықтың атқарушы директоры Гүлмирам Сражова.




Яндекс.Метрика