Өңірлер

Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық жүргізу үшін 750 млн теңге бөлінеді

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 24-сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және оның орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалар басшылары қатысты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Ақтөбе30 Шілде , 10:21

Мысалы, облыс орталығындағы 11,12-шағын аудандар тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мақсатында 5 нысанды жөндеуден өткізу үшін 1 миллиард 700 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бұған дейін бұл іске 1 миллиард 116 миллион теңге бөлінген, енді жетпей тұрған бөлігін — 584 миллион теңге — толықтыру көзделеді.

Сонымен қатар, аудандардағы бірқатар мектептерде бұрын сұйық отынмен жұмыс істеп келген қазандықтарды енді көгілдір отынға ауыстыру; Алға қаласындағы сумен қамту жүйесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу; Қандыағаш қаласындағы коммуналдық тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу; облыс орталығындағы 13 көшеде жолдарды жөндеу, сондай-ақ, 28 елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу, т.б. істер көзделген.

Жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сөз сөйлеп, бюджетке өзгертулер мен толықтыру енгізу жоспарланғанда, шығындар ең маңызды мәселелерге бағытталып отырғанын айтты.

«Жылу науқанына әзірлік, жолдарды жөндеу, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету басты назарда болады», — деп атап өтті және осы бағыттардағы жоспарлармен бөлісті.

 

 




Яндекс.Метрика