Өңірлер

Қызылордада мал шаруашылығын дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік орталық ашылады

Қызылорда облысының мал шаруашылығын дамыту жөніндегі ғылыми-практикалық семинар-кеңес өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Қызылорда30 Шілде , 10:03

Сыр өңірі ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аймақ. Дегенмен, ата кәсіп саналатын төрт түлікті түлетуде атқарулы тиіс жұмыс шаш етектен. Мәселен, шығынсыз өнім алу үшін малды асылдандыру қажет. Бұл жұмыстарға мемлекет тарапынан көңіл бөлінуде. Қыруар қаржысын жұмсап сала жұмысын жандандырып жатқандарға тіпті субсидия да төленуде. Шаруалардың аяқтан тік тұруы үшін. Жайылымдық жер мәселесі де күн тәртібінде. Отандық ғалымдар төрт түлекті түлетудің жолдарын талқылады.

Аймақтағы мал шаруашылығының даму барысын облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов баяндап берді. Жасыратыны жоқ, Қызылорда буферлік аймақ. Яғни, етті өзге елге экспорттай алмайды. Бірақ бұл уақытша. Мамандар бұл бағытта жұмыс жасап жатыр. Шаруаларда жағдай осылай екен деп қол қусырып отырған жоқ. Төрт түлікті түлетуде. Өйткені, ертеңгі күнге сенім мол.

Ірі қара малын асылдандыру бағытында «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Сырбойылықтар да бағдарламадан өз сыбағаларын алып келеді.  Аймақтың агроөндірістік кешенін дамытуға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі биыл 3,6 млрд. теңге қаржы бөлді. Жыл басынан бері 1498 аналық бас ІҚМ және 60 асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Жалпы, облыста 6 млрд. теңге құрайтын 7 инвестициялық жоба бар. Қазіргі таңда соның үшеуі жүзеге асты. 79 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мемлекет мүмкіндік жасап отыр. Шаруашылықтар тек соны тиімді пайдалану керек. Ғалымдар селекция жұмысына назар аударатын уақыт жеткендігін айтты. Отандық мамандар бұл бағытта жұмыстар жасалып жатқандығын да жеткізді.

Ғалымдар семинар-кеңесте тәжірибе алмасып, мал шаруашылығын дамытуда қоян қолтық жұмыс жасауға уағдаласты. 




Яндекс.Метрика