Өңірлер

Бурабай ауылында пошта байланысы қызметін жақсарту семинары өтуде

Бурабай ауылындағы Ақмола облыстық «Қазпошта» АҚ бөлімшесі базасында облыстық пошта пайдалану бөлімшесі мен басқарма қызметкерлеріне және «Корпоративті сату дирекциясы» бөлімшесі, «ИЛЦ-ЮГ» бөлімшесі мен «Сұрыптау орталығы» бөлімшесі қызметкерлеріне арналған «Пошта қызметтерін ұсыну сапасын жақсарту» тақырыбында үш күндік семинар-жиын өтеді, деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.
Ақмола30 Шілде , 09:29

Семинар барысында қатысушылар өңірлердегі пошта қызметтерін арттыру мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ трансформация бағдарламасын енгізуге қатысты мәселелерді қарастырады.

Көшпелі жиынның негізгі бөлігі «Қазпошта» АҚ стратегиясы аясындағы инновациялық жобаларды енгізу мен құру, аутсорсингке өндірістік нысандарды беру әдісі мен қағидалары, халықаралық поштаны дамыту болашағы және пошталық жөнелтулердің қауіпсіздігі мен реттелмейтін пошталық қызметтердің бағасын анықтау мәселелеріне арналды.




Яндекс.Метрика