Өңірлер

БҚО-да партиялық тәлімгерлік 12 бағыт бойынша дамуда - облыс әкімі

Кеше «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы саяси кеңесі бюросы мен филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Батыс Қазақстан30 Шілде , 09:14

Алғаш болып баяндамажасаған облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Бауыржан Тұманов фракцияның ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарына тоқталды. Баяндамашының айтуынша, фракция бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Елбасы Жолдауының, партияның сайлауалды тұғырнамасының, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына жете мән береді.

Партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асырудағы партиялық тәлімгерлердің жұмысы туралы облыстық мәслихаттың депутаты, «Білім және ғылым» бағыты бойынша партиялық тәлімгер Асхат Иманғалиев баяндама жасады.

Аймақ басшысы  Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, партия жұмысын жетілдіруге арналған бұл жоба облыста 12 бағыт бойынша қолға алынды.

«Жалпы, тәлімгерлер әлеуеті әкімшілік қысым жасау үшін емес, нақты жағдайды ба-ғамдау, кемшіліктерді анықтау, жетістікті одан әрі дамыту үшін құрылған. Сол себепті әрбір сала басшысы тәлімгерлер жұмысына түсіністікпен қарауы керек»,  – деді жиынды қорытындылаған  Нұрлан  Асқарұлы.

 




Яндекс.Метрика