Өңірлер

Биыл Қызылордада жабық базарлар ашылады

Биыл Қызылордада 4 қабатты «Отырар», 2 қабатты «Қорқыт ата» жабық базарлары жұмысын бастайды, деп қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев депутаттар алдында берген есебінде айтты.
Қызылорда30 Шілде , 09:01

Қалада  бүгінде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Жыл басынан бері кәсіпкерлер қатары 409 кәсіпкерлік субъектісімен толығып, 26 628-ды құрады.

Салық базасын ұлғайту мақсатында, жолаушы және маршруттық тасымалдау (такси) қызметімен айналысатын тұлғаларды кәсіпкер ретінде тіркеу жұмыстары кешенді ұйымдастырылуда.

Шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытуда «Бизнестің жол картасы - 2020»бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы құны 2 млрд. 156 млн. теңгені құрайтын 19 инвестициялық  жоба  жүзеге асырылуда. Бұл облыс бойынша жобалардың 95 пайызы.

 




Яндекс.Метрика