Өңірлер

ҚР АШМ: 2014 жылы Қазақстандағы егін өнімділігі орташа деңгейден жоғары болмақ

Қазақстанда биыл ауа-райының қолайсыздығына қарамастан егістіктің өнімділігі жоғары болмақ. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ-нің Қазақстандағы егістік шаруашылығының зиянкестері мен ауру бидайлардың шығымына арналған брифингінде ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасы Сақташ Хасенов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Шілде , 17:51

«Биыл егістіктің төмен шығымы айтарлықтай деңгейде қиындық тудырары анық. Ал жауын-шашын тіпті артық. Бүгінгі таңда егістік шаруашылығының 70 пайызға жуығы масақтану, гүлдеу кезеңінде. Біздің алдын ала жоспар бойынша Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында егін жақсы шығуы тиіс. Егер Қостанай мен Ақмола облыстарындағы егістік гектарына 10 центнерден болса, биыл бұл көрсеткіш 11 центнерге жетпек. Ал СҚО-да бұл көрсеткіш тіпті жоғары болмақ. О жақта жағдай барынша жақсы. Сол себепті егістік шығымы да жоғары деңгейде болмақ», - дейді ол.

Сонымен қатар,  Хасеновтың айтуынша, элеваторлардың астықты қабылдауға дайын болуы маңызды. Оның пікірінше, тамыздың соңына таман барлық дайындық жұмыстарын тәмамдап, сақадай сай тұрмақ.

«Жыл сайын элеваторлардың дайындығына ерекше көңіл аударамыз. Қазіргі таңда бізде 209 лицензияланған элеватор бар. Олар нан қабылдауға дайын. Қазір кестеге сай біліктілік талаптарына сай келер-келмесі тексеріліп жатыр. Бұл мәселе өте маңызды. Элеваторлар көрсетілген мерзімде бидайдың құрғақ түрін де, дымқылын да пайдалануға дайын болуы керек», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында ору науқаны басталып кеткен. 

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика