Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтауда жыл басынан бері 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Ақтауда 2014 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, деп қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен хабарлады.
Маңғыстау29 Шілде , 18:46

«Ақтауда 2014 жылдың басынан бері 3259 жаңа жұмыс орны ашылды.  Дәлірек айтатын болсақ, өндірісте - 225, сауда - 1238, көлік және байланыс - 8, білім мен денсаулық сақтау - 5, құрылыс пен коммуникация - 113,  басқа салалар бойынша 1670 жұмыс орны ашылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 11 әлеуметтік жұмыс және жастар тәжірибесі аясында 59 бос орын ашылды.

Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 138  жұмыс орны берілді. Олардың 5-уі бірінші бағыт бойынша, 73-і үшінші бағыт бойынша, ал 73 әлеуметтік жұмыс орындары болса, 60 орын жастар тәжірибесі аясында ашылды.




Яндекс.Метрика