Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Терминологиялық сөздік: Дағдарысқа қарсы басқару және әрекет ету

Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды жалғастыруда.
Астана қаласы29 Шілде , 19:57

Дағдарыс кезеңінде теңгерімсіздік және үйлесімсіздік жағдайында экономикалық жүйелерді басқару жағымсыз құбылыстардың кері салдарларының алдын алу және оларды жоюдың тәжірибелік дағдыларын меңгеруді талап етеді. Дағдарысқа қарсы басқарудың ерекшелігі шектелген қаржылық қаражат, белгісіздік пен қатердің жоғары деңгейі жағдайында күрделі басқару шешімдерін қабылдау қажеттілігімен байланысты. Ол дағдарыстарды айқындауға, олардың алдын-алуға, кері салдарларын жеңуге, дағдарыс ағымын деңгейлестіруге мүмкіндік беретін әдістердің, тәсілдердің жиынтығы болып табылады.

Экономикалық теорияда дағдарыс кезеңділік негізі ретінде қарастырылады. Дағдарысты зерттеуші Н.Кондратьев («кондратьевтік кезең» деп аталған) теориялық негіздеген. Ол 19 ғасырдан бастап 40-60 жыл көлеміндегі экономикалық даму кезеңін дәлелдеген. Сонымен бірге француз зерттеушісі К.Жюгляр 7-11 жылдық орташа кезеңді белгілеген. Өте ұсақ кезеңдер де көрсетілген.

Шетелдік әдебиеттерде «дағдарыс-менеджмент» ұғымы кеңінен қолданылады. Кең мағынада дағдарыс-менеджмент төтенше жағдайлардағы басқару деп түсіндіріледі.

«Дағдарыс-менеджмент» термині 1962 ж. КСРО мен АҚШ арасындағы әскери-саяси жанжалдан («Кариб дағдарысы» деп аталатын) кейін бірінші рет американдық баспада пайда болғаны белгілі.

Кәсіпорындардағы дағдарыстарға қатысты «дағдарыс-менеджмент» термині тұжырымдама, теория және әдістеме ретінде, 1980-жылдардың екінші жартысында пайдаланыла бастады. Стив Финктің «Дағдарыс-менеджмент. Шарасыздықты жоспарлау» деп аталған бірінші монографиясы 1986 ж. АҚШ-та жарық көрді және кәсіпорындарға қатысты дағдарысқа қарсы басқаруға арналды. Сол уақыттан бастап, бұл термин журналистік клишеден ғылыми түсінікке айналып кетті және осы мағынада қазіргі уақытқа дейін қолданылады.

Сонымен қатар, 2007–2008 жж. жаһандық қаржылық дағдарыс салдарлары анағұрлым теңдессіз болғаны белгілі. Оның себептері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс кілті» және «Бесінші жол» атты еңбектерінде түпкілікті талданған болатын. Қазақстан басшысы 2003 ж. «Сындарлы он жыл» кітабында жаһандық дағдарыстың болашағын қарастырғанын атап өткен жөн, кітапта әлемдік экономика мәселелерінің күрделеніп келе жатқандығы көрсетілген.

Қазақстан тұтынушы қоғам жүйесінің кемістіліктілігі мәселесін біртіндеп айқындауда. Ол бүкіл әлемді, соның ішінде едәуір дамыған елдерді де шарпыған жаһандық наразылық толқынын туғызып, қоғамдық игіліктерді әділ бөлісу қағидасына қарама-қайшы келді. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс дамушы мемлекеттермен қатар көптеген дамыған елдерді де қамтитын әлемдік әлеуметтік дағдарысқа айналып кетті. Еңбектің халықаралық ұйымы дамыған елдерде қалыптасқан жаһандық еңбек нарығы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне төнген қауіп туралы қорытынды жасады.

Еуропаның жетекші елдерінде 2012 ж. жұмыссыздық деңгейі өткен ғасыр соңының көрсеткіштерінен анағұрлым асып түсті: Испанияда бұл көрсеткіш рекордты 25,8% құрады, Ирландияда – 15,1%, Португалияда – 15,7%, Италияда – 10,8%, Францияда – 10,8%, Польшада – 10,1%, Германияда – 5,4% және т.б.Салыстырмалы түрде алсақ, соңғы 14 жылда ҚР жұмыссыздық көрсеткіші төмендеуде (1999 ж. 13,5%-тен 2013 ж. 5,2% -ге дейін).

Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан әлемдік дағдарысты жеңу бойынша нақты ұсыныстарды қалыптастырды, олар Санкт-Петербург қаласында 2013 ж. қыркүйегінде өткен «Үлкен жиырмалықтың» саммитінде қатысушыларға жеткізілді.

АЭФ алаңының негізінде G-global ақпараттық-коммуникациялық жобасы ұйымдастырылған. 2014 жылдың мамырында Астанада БҰҰ қамқорлығымен VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы конференция болып өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде аймақтар дамуының теңгерімсіздігі мен кедейліктің негізінде жатқан әлемдік экономикадағы дағдарыс себептерін нақты көрсетіп берді. Кедейлікпен күресетін ғаламдық жол картасын қабылдау ұсынылды

Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.




Яндекс.Метрика