Өңірлер

Алматыда жарты жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтардан 88,6 млрд теңге түсті

Алматыда жарты жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша - 88 миллиард 647 миллион теңге түсті, деп Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті хабарлады.
Алматы қаласы29 Шілде , 19:02

«Бірінші жарты жылдықта Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде тауарларға – 67 мың декларация тіркеліп, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша - 88 миллиард  647  миллион теңге  республикалық бюджетке түсіп, жалпы республикалық көлемнің ішінен кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алуда  – 14,6 % құраған», - делінген хабарламада.

Өткен ұқсас 2013 жылғы кезеңдегі көрсеткіштермен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтар өсуі – 4  % немесе 3,7 миллиард теңгені құраған.

Алматы қаласының Халықаралық әуежайы -  халықаралық әуебағыты, әуе жолаушылар және жүк ағындарының көлемі жағынан Алматы атынан жүк тасымалдау бойынша көшбасшы мәртебесіне ие десек артық болмас. Өткен жылдың өзінде «Жетісу» кеден бекетінде 9 мыңға жуық кедендік ресімдеу жүргізілген, соның ішінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан  1 миллион 43 мыңға жуық әуе жолаушылар және 11 825 тонна әуе жүктері өткен.

 




Яндекс.Метрика