Өңірлер

Ақмола облысында археологтар түркі кезеңіндегі жауынгердің жерленген жерін тапты

Ақмола облысының Жақсы ауданында археологтар түркі кезеңіндегі жауынгердің жерленген жерін тапты, деп облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола29 Шілде , 17:48

2014 жылдың 7-29 шілде аралығында Жақсы ауданында халықаралық экспедиция жұмыс істеген болатын. Қазба жұмыстары барысында археологтар екі қорғанды ашып, зерттеді. Соңғы корғанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде солтүстік-батысқа орналасқан моланың жоғары тұсынан VI-VII ғғ. түркі кезеңінде өмір сүрген жауынгердің тозға оралған қаңқасы табылды. Зерттеу барысында сол жерден темірден жасалынған садақтың оғы мен қару және қола сырға, ал, мола шұңқырының шығыс бөлігінде ат әбзелдерімен жерленген жылқының қанқасы табылды.

Ғалымдар астындағы атымен бірге жерленген жауынгердің моласын көшпенділер өмірінде сирек кездесетін элиталы олжа деп отыр.

Қазба жұмыстарына Л. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы А.Свиридов басшылық жасаған. Экспедиция құрамында бірқатар шетел ғалымдары да болған. Экспедиция Запорожье селолық округінің Новочудное  селосының маңында жүргізілген.




Яндекс.Метрика