Өңірлер

Қазақстанда егістің 80%-на өңдеу жүргізілді

2014 жылы егіс алқабының 2 250,9 мың га зиянкестерден залалсыздандырылады. Бұл туралы ОКҚ өткен бирфингте ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті.
Астана қаласы29 Шілде , 17:02

«Астық дақылдары ауруларына қарсы өңделетiн егiс алқабы 2,2 млн гектарды құрайды. Химиялық өңдеуден өтетін егiстiктердiң алаңы 1,7 млн гектардан аспайды. Бұл болжалған көлемнiң - 76%», - деді С. Хасенов.

Оның айтуынша, елімізде 3 млн га астам егістік ауруға ұшыраған, ал олардың 1,9 млн га ғана химиялық өңдеу жүргізуге болады.

«Қазіргі таңда республикалық есептен 681,7 мың га, ал, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер есебінен 247,3 мың га жерге заласыздандыру шаралары жүргізілді», - деп ол толықтырды.

Ведомстводан хабарлағандай, дәнді дақылдар ауруының кесірінен түсім 10-30%-ға дейін төмендейді. Бұл ретте үлкен шығынға ұшырап отырғандар Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика