Адами капитал

Қазақстанда жұмысшы жастар арасында «Еңбек адамы» байқауы басталды

Елімізде ҚР БҒМ Жастар ісі комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстанның жұмыскер және ауыл жастары қауымдастығы» корпоративті қоры тарапынан қолға алынған жұмыскер жастар арасындағы «Еңбек адамы» атты байқау басталды, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.
Казахстан29 Шілде , 17:19

«Қазақстанның жұмыскер және ауыл жастары қауымдастығы» КҚ жетекшісі Анар Мәжиттің айтуынша, шараның басты мақсаты – жастар арасында жұмысшы кәсібін кеңінен насихаттау. «Байқау арқылы жастардың өздері туралы айтуларына мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар кәсіп түрлеріне көңіл аударамыз», - дейді ол.

Ұйымдастырушылардың мақсаты тау-кен өндірісі, мұнай-газ, құрылыс саласы, машинақұрылысы, ТКШ мен көлік саласының үздіктерін анықтау. Үміткерлерден ұйымдастыру комитетіне анкета-өтініш пен жұмыс орнынан мінездеме және «Мен және менің жұмысым» атты өзінің ой толғауы талап етіледі.  

Қазылар үміткерлерді бағалауда олардың өңір дамуына қаншалықты үлес қосқандығын, жұмысына деген өзінің сүйіспеншілігін, ұйымдастырушылық және тіл табысу қабілеттерін, жеке бас жетістіктерін, жаңа бастамалары мен шығармашылық қызығушылықтарын ескереді.




Яндекс.Метрика