Өңірлер

АШМ 2014 жылы астық дақылдарының ауруларымен қарсы күреске 2,7 млрд теңге бағыттады (ФОТО)

Ағымдағы жылы астық дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеу өткізу үшін 2,7 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ОКҚ өткен бирфингте ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті.
Астана қаласы 29 Шілде, 16:25

«Жыл сайын аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін республикалық бюджеттен шамамен 4-5 млрд теңге бөлінеді. Ағымдағы жылы астық тақылдардың ауруларына қарсы химиялық өңдеу өткізу үшін 2,7 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 1,7 млрд. теңгесі фунгицидтерді сатып алуға жұмсалды», - деді ол.

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ ақпараты бойынша 2014 жылы Қазақстанда аса қауіпті  зиянды организмдердің таралуы 7,5 млн. гектар алаңға, оның ішінде астық дақылдарының аурулары 2,2 млн гектар алаңға таралуы болжануда.

«2014 жылдың 28 шілдесіндегі жағдай бойынша астық дақылдары ауруларымен күрсу үшін фунгицидтер сатып алынып, барлық аймақтарға жөнелтілді. Егістіктерді аурулардан қорғау үшін 87 бірлік бүріккіш техника, оның ішінде 41 ұшақтар, ал 46 аэрозольді генераторлар», - деді С. Хасенов.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика