Өңірлер

Қазақстанда сүт-тауар фермасын несиелендіру бағдарламасы іске қосылды

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесі несиелендірудің жаңа шартын бекітті. Несиелік өнімдер қатарында жаңа өнімдер пайда болды: «Сүт-тауар фермаларын құру мен кеңейту» және «Моноқалаларды дамытуды несиелендіру», деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Казахстан29 Шілде , 17:32

«Сүт-тауар фермаларын құру мен кеңейту» бағдарламасы «Агробизнес-2020» мемлекеттік салалық бағдарламасының шеберлік жоспарын іске асыру мақсатында дайындалды. Жеке және заңды тұлғалар 50 және 100 бас ірі қара малының сүт-тауар фермасын құру мен кеңейтуге несие ала алады», - делінген хабарламада.

Қарыздың, лизингтің максималды сомасы 60 млн теңгеге дейін жетеді. Субсидиялау есебінен сыйақы құны жылына 4%, тиімді сыйақы құны ары кетсе 4,1%. Субсидиялаусыз алғанда сыйақы құны жылына 11%, тиімді сыйақы құны11,7%. Мерзімі 84 айға дейін. Төлем кестесі ай сайын, маусымына, жарты жылда және жылына. Сонымен қатар, жеңілдетілген төлем мерзімі бар. Негізгі қарыз оған сай 24 ай болса, сыйақы шамамен 12 ай.

Және де лизинг бойынша алғашқы минималды төлем анықталды. Ол лизингке алынатын заттың 15 пайызы деңгейінде.

«Үкіметтің Қаулысына сай моноқалаларды дамытуды несиелеуді қор 10 жән 12 өңірде жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 4 өңірмен қаржыландыру туралы келісім құрылып, алтауы әлі дайындалып жатыр», - делінген хабарламада.

Осылайша, бағдарламаның мақсаты – моноқалалардағы және шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпкерліктің дамуына үлес қосу.  Бағдарламаның мақсатты тобы моноқалалар мен елді мекендердегі халық. 




Яндекс.Метрика