Өңірлер

Ақтөбе облысында мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылады

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу үшін облыста 2014 жылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмыспен қамту картасы жасақталды, оған сәйкес, 1008 мүгедектерді тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастыру жоспарланды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Ақтөбе29 Шілде , 16:05

2014 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту органдарының ықпал етуімен 671мүгедек (66,6%) жұмыспен қамтудың әр түрлі шараларымен қамтылды. Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында жұмыспен қамту бөлімдері арқылы – 549 мүгедек (соның ішінде уақытша қоғамдық жұмыстарға – 142 адам) жұмысқа орналастырылды.     

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 1593 адам қатысты, соның ішінде мүгедектер – 378 адам. Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша 276 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде мүгедектер – 87 адам. Қоғамдық жұмысқа 139 адам жіберілді, соның ішінде мүгедектер – 56 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 231 адам, соның ішінде мүгедектер - 56 адам, Жастар практикасына 120 адам жіберілді, соның ішінде мүгедектер – 8 адам. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 891 адам кеңес алды, соның ішінде мүгедектер – 260 адам.

 




Яндекс.Метрика