Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда тұңғыш рет молекулярлық-генетикалық типтеу әдісі енгізілді

«Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК алғаш рет Орталық Азияда молекулярлық-генетикалық типтеу әдісін енгізді, деп ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінен хабарлады.
Астана қаласы29 Шілде , 19:46

Зерттеу жұмысы заманауи технологияны пайдалану арқылы арнайы вирусологиялық зертханада өткізілді. Атап айтар болсақ, 2014 жылы астанада маусым кезінде жүрген қызылша ауруына саралау жүргізілді.

Сонымен, анықталған вирустың барлығы - 25 жағдайы Еуропа мен Ресей елдерінде 2014 жыл жүрген MVi/Villupuram.Ind/03.07 тобындағы D8 генетикалық типіне жатады.

Жалпы, филогенетикалық сараптама арқылы қызылша ауруының вирусы Қазақстанға қай елден келгені анықталды.




Яндекс.Метрика