Өңірлер

Шетелдік сарапшы бинесті РІС арқылы қорғаудың сырын ашты

Реттеу іс-әрекеті бойынша халықаралық жетекші сарапшылардың бірі Скотт Якобс Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҰКП мен мемлекеттік органдардың өкілдері үшін реттейтін ықпалдастық талдауы туралы үш күндік тәжірибелік семинар өткізді, деп ҰКП ресми порталынан хабарлады.
Астана қаласы29 Шілде , 15:08

Семинар негізгі жеті сессияға бөлінді. Олардың барысында реттейтін ықпалдастықтың талдау нәтижелері, мақсаты мен шолулар қаралды. Сонымен қатар, сарапшы РЫТ басынан бастап аяғына дейін дұрыс өткізу тәртібімен бөлісті.

Айта кетерлік жайт, бұл семинарды ҚР ҰКП реттейтін ыпалдастық талдауы қазақстандық заңнамада қолдану кеңінен етек жайып бара жатқандықтан өткізді

ҚР 2014 жылдың  16 мамырындағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңында реттейтін ықпалдастық талдауы туралы ереже бар. Ол мемлекеттік реттеудің мақсатына жетудегі жетістігін бағалауға мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімде кәсіпкерлік қызметті жүргізуге әсер етуі мүмкін жобалардың ықпалдастығын бағалау міндеті бекітілген.

 




Яндекс.Метрика