Ұлттың денсаулығы

Қазақстандағы санитарлық авиация немесе «алтын сағат» (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Алтын сағат» термині алғашқы тиімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін кісінің жарақат алған уақытынан кейінгі уақыт аралығында қайта бейімдеуде қолданылады. Осы уақыт аралығында кісінің қаза болу қаупінің жоғары екені айтылады.
Астана қаласы29 Шілде , 15:24

Басқа-басқа емес, адамның  ауыр халде жатқан осы «алтын сағат» кезінде санитарлы авиация көмекке келеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитарлы авиация орталығының  директоры Нұрлан Ақылбековтың айтуынша, Қазақстандағы санитарлы авиация үш бағытта жұмыс істейді. Олар шалғайдағы өңірлердегі халыққа көмек көрсету, ауыр халдегі науқастарды тасымалдау мен жоғары білікті мамандардың кеңес беруі.

«Біздің қызмет түрі үшке бөлінеді. Атап айтар болсақ, олар шалғайдағы өңірлердегі халыққа көмек көрсету қызметі, ауыр халдегі науқастарды ірі медицина мекемелеріне тасымалдау мен шалғайдағы халыққа облыс орталықтары мен республикалық мекемедегі жоғары білікті мамандардың көмегіне жүгіну мақсатымен тасымлдау», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитарлы авиация орталығының  директоры Нұрлан Ақылбеков.

Республикалық санитарлық авиация орталығы 2011 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында құрылған. Орталық Республикалық жедел медициналық қызмет орталығы базасында санитарлық авиация қызметін атқарумен құрылды. 2012 жылдың желтоқсанында Үкіметтің бөлек Республикалық санитарлық авиация орталығын құру қаулысы шықты.

РСАО диспетчерлігінде өңірлік үйлестірушілерден ақпарат қабылданып, санитарлық авиацияның әуе кемесінің  ұшуына жедел өтініш құрылады. Қазақстан бойынша орташа көрсеткішпен тәулігіне 12 ұшу жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2014 жылдың бірінші жартысында санитарлық авиация еліміздің әр өңіріндегі шамамен 1000 адамға көмек көрсетті. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 323 болса, 2012 жылы 1005, ал 2013 жылы 1355-ті құрады.

Сонымен қатар, әуе тасымалы арқылы Монғолия, Тайланд, БАӘ, Сингапурдағы қазақстандықтарға көмек берілді.

Жыл санап республика бойынша санитарлық авиация қызметіне жүгіну деңгейі артып келеді. Н.Ақылбековтың айтуынша, бұл халықтың осы қызмет түрін жақыннан тани бастауымен байланысты.

Қазіргі таңда ұшу қызметтері EC145 тікұшақтарымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, дәрігерлер Ми-8 және Ми-17 тікұшақтарын пайдаланады. Қазақстан бойынша әр облысқа мұндай ұшақтар бір-бірден келеді.

«Әуежайда 3 ұшақ пен 1 тікұшақ тұр. Олар арнайы құрылғылармен жарақтандырылған. Онда арнайы санитарлық авиацияның құрылғылары орнатылған», - дейді Н.Ақылбаев.

 

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында дене донорлығы дамып келе жатыр. Алайда ол үшін қайтыс болған кісінің туыстарының келісімі алынады. Бізідң міндетіміз осы органдарды тиісті жерге тасымалдау», - дейді орталық директоры.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев және кей суреттер ҚР ДСМ Республикалық санитарлық авиация орталығынан алынды

 




Яндекс.Метрика