Мәдениетті жаңғырту

Семей тұрғыны Голливудтағы Дүниежүзілік өнер чемпионатының жеңімпазы атанды

14 жасар Ванесса Безродная 11-19 шілде аралығында Лос-Анджелесте өткен халықаралық «World championship of performing arts» өнер чемпионатында поп және рок-вокал номинациясында вокал өнері санаты бойынша абсолютті чемпион атанды.
Әлемде29 Шілде , 14:51

Байқауға 7 жас пен 45 жас аралығындағы үміткерлер қатысты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы. Ванесса 16 жасқа дейінгі өнерпаздармен бақ сынасты. Оған әлемнің 42 елінің балалары мен жасөспірімдері келген.

Өнерпаз қыз Қазақстанға 4 алтын, күміс және 1 қола медаль алып келді. Сонымен қатар продюсерлерден ең көп ұсыныс түскен қатысушы ретінде танылды.

Бұрындары Ванесса «Жаңа толқынның» ақтық сынына шығып, «Еуровидениенің музыкалық академиясы» жобасына да қатысқан.




Яндекс.Метрика