Энергияның балама көздерін дамыту

2015 жылы Қазақстанда күн электр станциялары 100 мВт қуаттылықпен жұмыс істей бастайды (ФОТО)

2015 жылы Қазақстанда күн электр станциялары 100 мВт қуаттылықпен жұмыс істей бастайды, деп «Astana Solar» бас директоры Вячеслав Советский журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлім етті.
Астана қаласы 29 Шілде, 13:01

«Келер жылы Қазақстанда қуаттылығы 100 мВт болатын күн электр станциялары жұмыс істей бастайды. 2018 жылға дейін тапсырыс қоржынына сай үкіметтің 43-ші қаулысымен күн бойынша 740 мВт квота берілді. Ал, жаңартылған энергия көздері бойынша 3 гВт берілді»,- деді В.Советский.

Бас директордың айтуынша, ағымдағы жылы үкімет мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында бірқатар келелі құжаттарды қабылдады. Олардың ішінде бекітілген тариф мәселесі де бар.

Айта кетерлік жайт, тариф жел электрстанциясының электр энергиясына 1 кВт/сағ 22,68 теңге, күн электр станциясында - 34,61 теңге/кВтс, гидроэлектростанцияларында - 16,71 теңге/кВтс, биогаз қондырғыларынан - 32,23 теңге.

Оның үстіне, жүз пайыздық қазақстандық кремний негізінде күннен қуат алатын батареялар шығарумен айналысатын отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету мақсатында бекітілген тариф енгізілді, ол - 70 теңге/кВтс тең. Бұл бекітілген тарифтің қызмет ету мерзімі - 15 жыл.

«Жаңартылған энергия көздерінің үлесі әлемде, сонымен қатар, Қазақстанда  күн санап артып келеді. 2015 жылға қарай ЖЭК үлесі 50%-ға жетеді. Бүгінгі таңда жаңартылған энергия көздері тек қана күн емес, сондай-ақ желдер, олар 1%-дан төмен емес»,- деп бас директор толықтырды.

Камила Амирова

Суретке түсірген Азамат  Әлиев





Яндекс.Метрика