Инновациялар

16 үздік инновациялық жобаның қорытындысы қараша айында жарияланады

Қазақстанда 16 үздік инновациялық жобаның қорытындысы қараша айында жарияланады. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев мәлімдеді.
Астана қаласы29 Шілде , 13:09

«Қараша айында біз үлкен кеңес өткізуді жоспарлап отырмыз, онда жобалар бойынша қорытындылар, жобалар нәтижесінің көрмесі мен тұрақты тұтынушылардың баяндамасы таныстырылады», - деді Т. Балықбаев.

Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкімен бірлесіп «Технологияларды коммерцияландыру» жобасын іске асыруда.Жоба аясында биылғы жылдың қаңтар айында гранттық бағдарлама бойынша байқау жарияланған. Өтінімдерді қабылдау ақпан айының соңына дейін бір ай жүргізілді. Байқау қорытындысы бойынша, 526 жобаның ішінде 16-сы үздік деп танылды.

Т. Балықбаевтың айтуынша, бағдарламаның мақсаты – өтініш берушілердің коммерциялық идеяларын бақылау, ол технологияны лицензиялауда қолданылады,стартап-компаниялардың қалыптасуы мен халықаралық тәжірибе есебінде жоғары сапалы өнімді сатуға мүмкіндік беру.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика