Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда ҒӘТҚЖ коммерциялық бағытындағы 33 жоба іске асырылуда – БҒМ

Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының коммерциялық бағытындағы 33 жоба іске асырылуда. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев мәлімдеді.
Астана қаласы29 Шілде , 12:53

«Технологияны коммерциялау» жобасы аясында аға ғылыми қызметкер мен ғылыми қызметкер топтарына грант беру бағдарламасы іске асырылуда. Соның шеңберінде бүгінгі таңда жалпы құны 4,5 млрд теңгенің 33 жобасы анықталып, қазіргі таңда қаржыландырылуда. Бұл жобалар байқау бойынша халықаралық сарапшылар тарапынан іріктеліп алынды», - дейді ол.

Оның айтуынша, қаржыландыру көлемі мынадай: аға ғылыми қызметкерлер үшін 1,5 млн долларға дейін болса, төменгі санаттағы ғылыми қызметкерлер үшін 600 мың долларға дейін.

«Іріктеліп алынған осы жобалар қазіргі таңда өзін өзі коммерциялау деңгейіне жеиткізілмек. Коммерциялау саласындағы халықаралық әріптестеріміз бастаманың қарқынына оң бағаларын беріп отыр», - дейді.

Айта кету керек, Технологияны коммерциялау жобасы Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісім аясында іске асырылуда. «Технологияны коммерциялау» жобасының жалпы бюджеті 9512 млн теңгені құрайды.

Жоба үш құрамнан тұрады: Қазақстанның ғылыми базасын нығайту, ғылыми нарықпен байланыс құру және жобаларды басқару.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика