Инновациялар

Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ 16 инновациялық жоба анықталды

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Технологияны коммерциялау» инновациялық ғылыми жоба байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев баспасөз конференциясында.
Астана қаласы29 Шілде , 12:34

«Технологияны коммерциялау» жобасының жалпы бюджеті 9,5 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде Дүниежүзілік банктің берген қарызы 983 млн теңге және республикалық бюджеттен 7,5 млрд теңге», - дейді министр орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қаңтарында гранттық бағдарлама байқауы жарияланған еді. Құжат қабылдау ай бойы жүзеге асырылды. ҚР БҒМ «Технологияны комммерциялау орталығы» ЖШС технологияны коммерциялау гранттары бағдарламасына қатысуға 2014 жылы берілген жалпы өтінім саны 526-ны құрады.

Балықбаевтың айтуынша, бағдарлама мақсаты – өтініш берушілердің идеяларын коммерциялау, технологияны лицензиялау мақсатында оларды қаржыландыру, стартап компаниялар құру мен алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен жоғары технологиялы өнім сату.

«Бұл жобалар біздің оқымыстыларымыздың еңбегінің жемісі. Ендігі кезекте осыларды коммерциялап, нарыққа шығару керек. Әлемдік деңгейдегі бәскекеге төтеп бере алу үшін көптеген қажыр-қайрат қажет», - дейді.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика