Өңірлер

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру 5 есеге азаяды -Агенттік

ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі санитарлық-эпидемиологиялық саладағы қызмет бойынша жаңа қадағалау-бақылау әдістерін құруға көшті, деп ведомстводан хабарлады.
Астана қаласы29 Шілде , 13:25

Осының аясында қадағалау және бақылау принціптерін өзгерту, шаруа субъектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды азайту, тексеріс жүргізу мен рұқсат беретін қорытындыларды шығару бойынша баламалы әдіске көшу көзделген.

Агенттіктен атап өткендей, өзгертулер халық пен қоршаған ортаға тигізер әсері жоқ  60%  немесе 74 мыңнан астам нысанды рұқсат беру қызметінен ескерту беру қызметіне  көшіру жоспарлануда. Сонымен қатар, эпидимиологиялық маңызы зор нысандарға жоспарлы тексеріс жүргізу әр тоқсан сайын емес, жарты жылда бір рет жүргізілетін болады. Осылайша жалпы тексеріс саны 3 есе қысқартылады.

Бұдан басқа, эпидимиологиялық маңызы зор және орташа нысандарға санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беруді қалдыру  және  халық пен қоршаған ортаға тигізер әсері жоқ нысанды рұқсат беру қызметінен ескерту беру қызметіне  көшіру көзделуде.  Бұл өз кезегінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беруді 5 есе азайтады.




Яндекс.Метрика