Өңірлер

Қазақстанның шамамен 400 метрологиялық зертханасы өнімді калибрлейтін болады – ИЖТМ

Қазақстанның шамамен 400 метрологиялық зертханасы өнімді калибрлейтін болады, деп мәлімдеді бүгін ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, Метрологтар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Доғалов Қазақстан Республикасы Метрологтар кеңесінің бесінші отырысында.
Астана қаласы29 Шілде , 11:59

«Бүгінгі таңда біздің алға қойып отырған міндетіміз өлшеу құралдарын толықтай тексеру мен калибрлеуге өту. Бұл өз кезегінде инновациялық дамуға жол ашады. Кәсіпкерлік өзі калибрлеп, ешқандай да әкімшілік кедергіге ұрынбайды. Калибрлеу қазіргі таңда мемлекет тарапынан метрологиялық шоуға жатпайды. Өндіріліп жатқан өнімнің тиісті талаптарға сай келер-келмесіне тексеріс жүргізу үшін айына бір рет калибрлеу керек», - дейді Доғалов.

Оның айтуынша, Қазақстанда 400-ден астам метрологиялық зертхана калибрлеу жұмыстарын жасайтын болады. «Соның ішінде тек 10 пайызы ғана қазіргі таңда калибрлей алады. Бұндай іске неғұрлым көп зертхана қол жеткізе алса, соғұрлым аталмыш істі жүргізу жеңілдейді. Калибрлеуден алынған нәтиже тексерістен түскен қорытындыдан анағұрлым нақтырақ болады», - дейді.

Ғ.Доғаловтың айтуынша, калибрлеуге өткен кәсіпкерліктер мемлекет тарапынан метрологиялық бақылаудан өткізілмейді.

Бүгінде калибрлеу жұмыстары тек 30 зертханада жасалады. Мысалға, оның айтуынша, Қазатомпром компаниясы калибрлеуге өткен.

«Бұл жағдайда өнім сапасы барынша бәсекеге қабілетті болып, өндіруші сапалы өнім шығарығу мүдделі болады. Егер тауар сапасы төмен болса, өлшем нақты болмаса, ол бәсекеге төтеп бере алмайды», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика