Өңірлер

ККМ-де ЗҚА-ға өзгерістер енгізу жайы талқыланды

Көлік және коммуникация министрлігі жолаушылардың тұрақты автобус маршруттарының тарифын қалыптастыру мәселелерін реттейтін ЗҚА-іне өзгерістер енгізу жөнінде бастама жасады, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Шілде , 12:21

Өзгерістер тарифтерді белгілеу мен субсидиялау көлемін анықтау барысында жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар ара қатынастарын нақтылауға бағытталып, аталған қаражаттардың көлемін әкімдіктер жоспарлауды қарастырады.

«Бүгін автокөлікпен тасымалдау нарығының 99 пайызы бәсекелестік ортада. Жолаушыларды автобуспен тасымалдау тарифінің мөлшері реттелетін болған соң, кәсіпкерлер әкімдіктердің көмек каржысына аса тәуелді. Алайда бүгінде осы көмек қаржы мөлшерін анықтау барысында жаңар-жағармай мен қосалқы бөлшектер бағаларының өсуі ескерілмейді. Нәтижесінде тасымалдаушылар кәсіптің тиімді болуы үшін, жұртшылыққа автобустарды күтіп-ұстауға жұмсалатын қаражатты үнемдейді. Әлбетте, ол көрсететін қызмет сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Біздің ойымызша, олай болмауға тиіс» - деп атап өтті ҚР ККМ Автомобиль көлігі департаментінің директоры Ерлан Жұмашев.

«Сонымен қатар ол өткізілген кеңестің нәтижесінде оған қатысушылардың ұсынысы бойынша тарифтерді қалыптастыру барысы мен көмекқаржыға қаражат бөлу тәртібіне бірыңғай жолдар қарастырғанын мәлімдеді. Таяу арада аталған өзгерістерді қабылдауға қажетті процедуралар өткізуге бірыңғай құжаттар пакеті жасалады», - делінген хабарламада.  




Яндекс.Метрика