Өңірлер

ТЖМ күштері төтенше жағдайлар салдарын жоюда

Өткен тәулікте ТЖМ күштері Көкшетау, Екібастұз, Балқаш қалаларында орын алған төтенше жағдайлар салдарын жоюға жұмылдырылды және ондағы азаматтарға көмек көрсетті, деп ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан29 Шілде , 10:56

«Көкшетау қаласында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 80-нен астам адам 19 арнайы техника машинасымен, оның ішінде 2 өрт сөндіру-сорғы станциясымен қаланың коммуналдық қызметтерімен бірігіп су астында қалған үйлердегі суды тартып шығарды. Күшті жауған жауынның салдарын жоюға Бурабай, Зеренді және Сандықтау аудандарынан 6 өрт сөндіру машинасымен жеке құрам қосымша тартылды»,- делінген хабарламада.

Құтқарушылар түні бойы су астында қалған үйлерде тұратын адамдардың мүліктерін сақтап қалуға тырысты. 29 шілдеде сағат 08.00-дегі жағдай бойынша 108 объектінің, атап айтқанда 7 мемлекеттік мекеме мен 101 жеке тұрғын үй жертөле үй-жайындағы су таптып шығарылды. Суды тартып шығару жұмыстары жалғасуда. Су астында қалған орынды айналып өтуде. Көкшетау қаласының әкімдігінде 4 мобильді топ ұйымдастырылды, олар 69 үйді тексеру жұмыстарын жүргізді.

ТЖМ күштерінің Екібастұз қаласындағы жеке құрамы да дабыл бойынша көтерілді, сондай-ақ онда жауын-шашынның (жаңбыр) көп мөлшерде түсуі салдарынан 5 жеке тұрғын сектор, 3 көпқабатты тұрғын үй жертөле үй-жайлары, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік объектілер су астында қалды.

Өрт сөндіру техникасы шығарылды, ҚР ТЖМ күштері жергілікті атқарушы органдармен бірге мотопомпаларды пайдалану арқылы су астында қалған барлық үйлердегі суды тартып шығарды. Жағдайға бақылау жүргізілуде.

112 және 101 қызметтері күшейтілген түрде жұмыс істеді, оларға азаматтардан қоңыраулар келіп түсті, ТЖМ қызметкерлері жылдам ден қойып, қажетті көмекті көрсетті.

«Сондай-ақ Балқаш қаласында күшті желдің салдарын (екпіні секундына 20 метрге дейін) жою жұмыстары жалғасуда, жел 4 көпқабатты тұрғын үйдің, дәмхана ғимаратының, гараждың, № 8 мектеп спорт залының, демалыс орындарындағы үйлердің шатырларын жұлып әкетті, 4 ағаш, 2 ақпараттық қалқан, № 16 орта мектептің спорт кортының қоршауы құлады, 2 көше бойында электр беру желілері үзілді, қоғамдық көлік аялдамасы бұзылды, дүкен ғимаратының алдыңғы жағы қирады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс жүргізуде. Шұғыл ден қою қызметтерінің күштері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика