Білім беру

Астана қаласының кәсіпкерлері шетелде халықаралық іс-тәжірибеден өтуге өтініш берді

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы аясында отандық кәсіпкерлік қызметкерлеріне арналған шетелде 12 айға дейінгі тегін іс-тәжірибе бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдауда, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Астана қаласы29 Шілде , 10:39

Астана қаласы кәсіпкерлерінен құрылыс материалдарын шығаратын Германиядағы инженерлік-техникалық кадрлардың іс-тәжірибесі бағдарламасына қатысуға 20 шақты өтініш түсті.

«Үміткерлерге қойылатын басты талап жалпы еңбек өтілінің кемінде үш жыл болуы және соның ішінде 12 ай инженерлік-техникалық маман ретінде еңбек етуі қажет. Сонымен қатар, жоғары техникалық білімі мен шет тілдерін білуі керек. Дипломның орташа балы есептелмейді. Аталмыш тәжірибеден өту кезінде қызметкердің жұмыс орны сақталады. Тәжірибеден өтіп қайтқаннан кейін инженерлер өз кәсіпкерліктерінде үйренгендерін іске асырады», - делінген хабарламада.

Құжат қабылдаудың бірінші ағымы 1-31 шілде аралығында, екінші легі 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында жүзеге асырылады.




Яндекс.Метрика