Өңірлер

Аралды дамытуға 8,6 млрд теңге қажет – аймақ басшысы

«Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленді. Жобаны Арал ауданының әкімі А.Мұхимов аудан активінде аймақ басшысы Қ. Көшербаевқа таныстырды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Қызылорда29 Шілде , 10:04

Кешенді жоспар 4 бағыт бойынша жүзеге асады. Үш жылда жұмыссыздық, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылым, ауызсу, әлеуметтік саланың мәселелірін шешу көзделген. Аудан басшысы  экономиканы әртараптандыруға 8,6 миллиард теңгедей қаржы қажеттігін айтты. Сондай-ақ өз ұсынысында жеткізді. 

«Ауданның  жоғары  транзиттік  потенциалын,  темір  жол,  автомобилькөліктері  арқылы  халықаралық  көлік  дәлізіне  ену  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып, жергілікті  шикізат негізінде кремний  карбид өндіру  зауытының  Арал  ауданында салынуы тиіс  деп  санаймын. Осы жұмыстардың  оң  шешімінің  табылуына өз  тарапыңыздан  ықпал  етуіңізді  сұраймын», - деді Арал ауданының әкімі А.Мұхимов.

Ал инфрақұрылым мәселесі 19,6 млрд. теңгемен шешімін табады.Кешенді  жоспар  аясында әлеуметтік  салаға  да аса мән берілетін  болады. Мектепке  дейінгі  оқыту  мен  жалпы  орта  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  мәдениет,  спорт,  тұрғын  үй  құрылысы  салаларын дамыту мақсатында 39 шараны  іске  асыру үшін  17,8 млрд. теңге  тарту  жоспарланып  отыр. 

Сондай-ақ, аудан әкімі 150 орындық жаңа типті орталық аурухана салу қажеттігінде тілге тиек етті. Жалпы кешенді жоспарды жүзеге асыруға 45,5 млрд. теңге қаржы қажет. 

« Біз қаржы бөлуге дайынбыз. Тек жобаларыңыздың тиімділігін дәлелдеп шығуларыңыз қажет. Барлық жоба ел үшін маңызды. Халықтың тұрмысын көтеруіміз керек. Ол үшін өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Осы бағытта жұмыс жасаңыздар. Біз әрдайым қолдау көрсетеміз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 

Мұнан соң аймақ басшысы Қамбаш көлі жағалауында салынып жатқан жалпы құны 450 миллион теңге тұратын 100 орындық емдеу-сауықтыру орталығының құрылысымен танысты. 




Яндекс.Метрика