Өңірлер

Павлодар облысының жеке меншік нотариустары 206,5 мың нотариаттық іс-әрекетті жүзеге асырды

Павлодар облысы Әділет департаментінде кеңейтілген алқа отырысында 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жекеше нотариустармен 206 436 нотариаттық іс-әрекеттер жүзеге асырылған, бюджетте аударылған салық сомасы 38 439 514 теңгені құрағандығы анықталды, деп әділет министрлігінде хабарлады.
Павлодар29 Шілде , 09:32

«Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Әділет департаментімен, қалалық және аудандық әділет басқармаларымен 17366 азаматтық хал актілері тіркелген. Есептік кезеңде Әділет департаментінде 9 жекеше нотариус есептік тіркеуден өтті. 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жекеше нотариустармен 206 436 нотариаттық іс-әрекеттер жүзеге асырылған, бюджетте аударылған салық сомасы 38 439 514 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Бір нотариусқа орташа айлық жүктеме 320 нотариаттық іс-әрекетті құрайды.

Ағымдағы жылдың 6 айында заңды тұлғаларды тіркеу саласында 3270, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында 28 835 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті.

 




Яндекс.Метрика