Өңірлер

Алматы облысында білім беру саласына 2,4 млрд теңге бөлінеді

Алматы облысында білім беру саласына 2,4 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұндай шешім 2014-2016 жылдарға арналған Алматы облысы бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстық мәслихат тың кезектен тыс сессиясында қабылданды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Алматы28 Шілде , 19:03

39,4 млн теңге алғаш рет Ақсу, Алакөл, Балқаш, Кербұлақ, Райымбек пен Сарқанд аудандарында ауыр климаттық жағдайда өмір сүріп жатқан жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына бал сатып алуға бөлінді.

Сонымен қатар, 2,3 млрд теңге облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталмақ. Сессия барысында өңірдің депутаттық корпусы шалғай ауылдарда өмір сүретін жалпы білім беретін мектептердің балаларын тасымалдау тәртібі мен кестесіне бағытталды.




Яндекс.Метрика