Өңірлер

СҚО-да жолаушылар тасымалын ұйымдастыру талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында жолаушылар тасымалы мен халықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан28 Шілде , 18:43

Жиында жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының жетекшісі Бейбіт Ісманов бүгінгі таңда облыста 201 тұрақты жолаушылар тасымалы бағытының жұмыс істеп тұрғанын айтты. Сонымен қатар, облыстағы елді мекендердегі автобус қатынасымен қамтамасыз етілу деңгейі 72,6% құрайды. 

«Облыс әкімі орынбасарларына аталмыш әлеуметтік мәселені қолға алып, оның орындалу барысын күн санап баяндап отыруды тапсырды», - делінген әкімдік хабарламасында.  

Сонымен қатар, жиында халықтан сүт сатып алу мен оны сату жайы да назардан тыс қалмады.

Өңірде қазіргі таңда 19 өңдеуші кәсіпкерлік жұмыс істеп тұр. Сүт өңдеу бойынша жалпы қуаттылық деңгейі жылына 272,1 тың тонна. Бүгінде соның 12-сі толықтай жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, сүт сатып алудың 41 стационарлы пункті мен 97 сүт тасымалдағышы жұмыс істейді. 194 елді мекен сүтті сатып алуға мұқтаж емес.

Облыс әкімі аудан әкімдеріне сүт сатып алудың кемінде екі пунктін құруды тапсырды. «Облыстың мал шаруашылығы өнімін сатып алу көлемін арттыру мүмкіндіктері мол. Жыл соңына дейін сүт сатып алынбайтын ауылдарда осы жағдайды жасау қажет», - дейді Ерік Сұлтанов.




Яндекс.Метрика